Accessibility links

Ресей Түркменстаннан газ келісімдерін қайта қарауды сұрады


Ресейдің Газпром компаниясы Түркменстаннан газ келісім-шарттарын қайта қарауды сұрады. Бұл туралы аталған компанияның басшысының орынбасары Валерий Голубьев мәлімдеді. Ресей түрмен газын еуропалық бағамен сатып алуға келіскен болатын. Алайда Голубьевтің айтуынша, компания газды сол бағаға ешкімге сата алмайды, сондықтан газдың бағасы немесе көлемі туралы шарттар қайта қаралуы тиіс. Алдағы 5 жылда ешқандай басқа құбырлар салынбайтындықтан Түркменстанның басқа таңдауы жоқ деді Голубьев.
XS
SM
MD
LG