Accessibility links

«Шаңырақ-5» ықшамауданының құрылысы басталды


Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласының Алатау ауданында нөсер жаңбырдың салдарынан үйлері суда қалған «Шаңырақ-1» және «Шаңырақ-2» ықшамауданының тұрғындары үшін жаңа ықшамауданның құрылысы басталды.

Жер учаскелері мен үйлер «қызылжиекке» орнатылған үй иелеріне берілетін болады. «Шаңырақ-5» ықшамауданы Алатау ауданының солтүстік- батыс жағындағы 81 гектар жерге салынады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жаңа ықшамауданда 60 үй салынатын болады. Олардың аумағы кем дегенде 25 шаршы метрді құрайды. Ауданның бас жоспарына сәйкес құрылысы жүргізілетін жаңа ықшамауданда жол, коммуникация, электр желілері, газ, су құбыры салынады.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG