Accessibility links

Пәкістан соты Мумбай шабуылында айыпталған адамды босатуға бұйрық берді


Алайда, бұл хабарды растайтын өзге тәуелсіз хабарлар болмай тұр. Лашкар-е-Тайба исламшыл тобының жетекшісі Хафиз Мұхаммед Саид Мумбай қаласында өткен жылы болған бомбалық шабуылдарға қатысы бар деп айыпталған еді. Ол осыдан 20 жылдай бұрын, Кашмирдегі Үндістан билігіне қарсы шайқас жүргізу үшін, аталған топты құрған болатын. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Лашкар-е-Тайба тобын лаңкестер тізіміне енгізгеннен кейін, Саид өткен жылдың желтоқсанында үй қамағына алынған еді.
XS
SM
MD
LG