Accessibility links

Израиль, Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті


Мәскеуде болған бұл жүздесу барысында Иран елі мен Хамас тобына қатысты мәселелер талқыланды. Бұл-18 жылдық дипломатиялық тарихында қос ел арасындағы жоғарғы дәрежедегі кездесу болып отыр. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров өзіне тағылған, Хамас басшысымен кездесті деген айыпты жоққа шығарды.

Кремль Техранмен жақсы қарым-қатынаста деп танылған. Сондықтан осы байланысын пайдаланып, Кремльдің Иран елінің ядролық бағдарламасын тоқтатуына ықпал етуін Израиль қалайды.

Израиль Сыртқы істер министрі Авигдор Либерман осы сапары кезінде Ресей президенті Дмитрий Медведев пен үкімет басшысы Владимир Путинмен де кездеспекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG