Accessibility links

Астанада Еуроатлантикалық серіктестіктің форумы өтпек


Маусым айының 24-25-і күндері Астанада Еуроатлантикалық серіктестік Кеңесінің ІІІ Қауіпсіздік форумы өтеді, — деп хабарлайды ҚР СІМ –нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Еуроатлантикалық серіктестік Кеңесінің Қауіпсіздік форумы ТМД аумағында, сондай-ақ Азия құрлығында алғаш рет өткізілмекші.

Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін ашық және еркін талқылауға арналған форумның тақырыбы — «Серіктестік арқылы қауіпсіздікке». Форумның сессиясында және тақырыптық мәжілістерінде Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі қауіпсіздік, Ауғанстандағы ахуал, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.

Форум жұмысына НАТО-ға және ЕАСК-не мүше 50 елден және бірқатар халықаралық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан 1992 жылы Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кірді. Ол 1997 жылы Еуроатлантикалық Серіктестік Кеңесі (ЕАСК) деп өзгертілді.
XS
SM
MD
LG