Accessibility links

Михаил Трошихин: Ауылда жұмыс істейтін жас мамандарға жеңілдікпен несие берілмек


2010 жылдан бастап ауылдық жерлерге барып жұмыс істейтін жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие берілмек, — деп хабарлады ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Михаил Трошихин.

Оның айтуынша, баспана сатып алуға арналған несие 0,01 пайыздық мөлшерде 15 жылға дейін беріледі. Республиканың ауылдық жерлеріндегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған бұл шара ауыл жастарын қолдауға арналған мемлекет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
XS
SM
MD
LG