Accessibility links

Астанада 27 елдің министрлері темір жол мәселесін талқыламақ


Ертең Астанада Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы (ОСЖД) министрлер кеңесі XXXVII сессиясының отырысы өтеді, — деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Сессия жұмысына қатысушы әлемнің 27 елінің салалық министрліктерінің өкілдері әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында темір жолды дамыту стратегиясы мен транспорт саясаты мәселесін талқыламақ.

Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымының басты мақсаты — халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын жетілдіру, Еуразиялық аймақта бірыңғай теміржол транспорты кеңістігін құру, сондай-ақ теміржол транспорты саласындағы ғылыми –техникалық ынтымақтастыққа ықпал ету.
XS
SM
MD
LG