Accessibility links

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы жұмысынан босатылды


1 млн теңгеден астам жалақы алып келген Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (ГНПФ) төрағасы жұмысынан босатылды, — деп хабарлады Есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаев.

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Виктор Рогалевтің айтуынша, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы айлық жалақысына 1 млн теңге алса, оның орынбасарларының айлығы 856 мың теңге екен. Сондай-ақ қордың үш басшысының сыйақы мөлшері 75,5 миллион теңгені құраған. Ал қор төрағасына іссапар шығындарының төлемі ерекше мөлшерде бекітілген, сондай-ақ қызметкерлердің ұялы байланыс телефондарының шығындары да қарастырылған.

Өз кезегінде ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев депутаттың кейбір айтқандарымен келісіп, «Біз бұл мәселені Ұлттық банктің алдына қоймақпыз» — деген еді.

Осы арада Есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаев Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (ГНПФ) төрағасының жұмысынан босатылғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG