Accessibility links

Молдовада президенттік сайлаудың 2-ші сатысы өтеді


Бүгін Молдованың билікшіл коммунистік партиясы парламентте елдің президент сайлауының екінші сатысын өткізеді. Онда коммунистер партиясының екі кандидаты дауысқа түседі.
101 орындық парламенттегі 60 орынды коммунистер иеленіп отыр. Бірақ кетіп бара жатқан президент Владимир Ворониннің мұрагерін сайлау үшін 61 процент дауыс керек болады.
Оппозиция мамырдың 20-дағы сайлаудың алғашқы сатысында коммунистер кандидаты, қазіргі премьер-министр Зинаида Гречаннаяны сайлауға бойкот жариялаған. Сонымен қатар бүгінгі дауыс берулерге де қатысудан бас тартып отыр.
Ел конституциясына сәйкес, кандидаттарға қажетті дауыс жиналмаса, оның соңы парламенттің тарауына және кезектен тыс сайлауларға әкеледі.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG