Accessibility links

Грузия қорғаныс министрі АҚШ-қа барды


Грузия қорғаныс министрі Васил Сихарулидзе АҚШ ресмилерімен, оның ішінде қорғаныс хатшысы Роберт Гейтспен осы аптада келіссөздер өткізу үшін Вашингтонға барды.
Ассошейтед пресс агенттігіне берген сұхбатында Сихарулидзе Мәскеу Грузияның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияға өзінің күштерін орналастырып жатыр деді. Бұл атысты тоқтату келісімін бұзады деген Грузия ресмилері аймаққа Ресейдің ықпалы артып бара жатқанына алаңдаушылық танытты.
Ресей өз кезегінде жікшіл аймаққа әскерін орнатты деген хабарды жоққа шығарды.
Грузия қорғаныс министрінің Вашингтонға сапары АҚШ президенті Барак Обаманың шілде айына жоспарланған Ресейге сапары қарсаңында болып отыр.
XS
SM
MD
LG