Accessibility links

Путин газ дағдарысы тағы қайталануы мүмкін деді


Бүгін Ресей премьер-министрі Владимир Путин егер Украина өзіне бұрып алған газға ақша төлемесе, Еуропаға газ беру маусым немесе шілде айында тоқтатылады деп мәлімдеді.
Финляндияда өткен баспасөз мәслихатында Путин енді Газпром компаниясы ақшасы алдын-ала төленгенде ғана газ жеткізетін болады деп айтты.
Өткен қаңтар айында Украинамен газ бағасы дауынан кейін Ресей газына тәуелді Еуропаның бірқатар елі қыстың күні газсыз қалған болатын.
XS
SM
MD
LG