Accessibility links

Кореялық кәсіпкерді ұрлағандар ұсталды


Алматы полицейлері қолға түсірген Оңтүстік Кореяның кәсіпкерін ұрлап кеткендер қылмыстарын мойындады, — деп хабарлады қалалық ІІД –нің баспасөз қызметі.

Арасында сот орындаушысы бар адам ұрлаушылар кәсіпкердің өмірі үшін 200 мың доллар талап еткен. Кәсіпкерді осы жылдың 22 сәуірі күні ұрлап кетіп, оның көмекшісінен ақша сұрағандарды Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнаулы шара барысында қолға түсірді.

«Ұсталғандардың екеуі бұдан бұрын да қорқыту дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Енді бұған адам ұрлау дерегі қосылды», — делінген ІІД таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG