Accessibility links

Алматыдағы апатты жағдайлар қалпына келтірілуде


Осыдан екі күн бұрынғы болған жылдамдығы 19 м/с жеткен күшті жел мен нөсерлеп соққан жауынның салдарынан қалада орын алған бірқатар апатты жағдайлардан зардап шеккен нысандар қалпына келтірілуде, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған апатты жағдайлар кезінде 38 ағаш құлап, электр, телефон желілеріне зақым келген. Қазір бұл телефон жүйелері мен жарық көздері қалыпты жұмыс істеуде. Құлаған 38 ағаштың 35-і алынып тасталды. Қалпына келтіру жұмыстарымен Алматы қаласының құтқару қызметі айналысуда.

Фурманов – Әл-Фараби бойындағы суға толып кеткен жол айрығындағы көлік қозғалысы қайта жанданды.

Тоқтау суларды Үлкен Алматы каналы мен Үлкен Алматы өзеніне құятын қосымша каналдардың құрылысын қолға алу нәтижесінде «Шаңырақ -1» және «Дархан» ықшамаудандарында су деңгейі қалыпты жағдайдан көтерілген жоқ.
XS
SM
MD
LG