Accessibility links

Ресей мен ЕуроОдақ өзара түсіністікке қол жеткізді


Еуропа Одағы мен Ресей Мәскеудің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ұмтылыстары мәселесі осы жылдың аяғына дейін шешілуі керек деп келісті. ЕуроОдақтың Сауда комиссары Кэтрин Эштонның мәлімдеуінше, ол және Ресей экономика министрі Эльвира Набиуллина Санкт-Петербургтегі Экономикалық форумда өзара түсіністікке келген.

Әлемдегі экономикасы дамыған ең ірі елдердің бірі Ресей 10 жылдан астам уақыттан бері Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ұмтылып келеді. Бұл ұйымға 153 мемлекет мүше боп табылады.
XS
SM
MD
LG