Бейсенбі күні саяси «Халық билігі» блогы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынап, мәлімдеме жасады. «Осы жылдың 1-ші маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған спектакль арнайы қызметтердің қоғам бақылауынан шығып, ең үлкен қауіпке айналғанын білдіреді», - делінген бұл мәлімдемеде.
Коммунистік партия мен тіркелмеген «Алға» партиясының «Халық билігі» блогы Ұлттық қауіпсіздік комитетін «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев пен оның әріптестерін соттың шешімі болмай жатып, қоғам алдында айыпты деп тануына байланысты сынап отыр. «Халық билігі» блогының айтуынша, Қазақстанда саяси себептермен жаппай репрессиялар басталған. Мұның мақсаты халық пен мемлекеттік қызметкерлерді және демократиялық күштерді қорқытып-үркіту боп табылады дейді «Халық билігі» блогы.