Accessibility links

Дүниежүзілік Банк Косовоны қабылдады


Дүниежүзілік Банк Косовоны мүше етіп қабылдамақшы. Премьер-министр Хашим Тачидің айтуынша, Дүниежүзілік банк басшыларының кеңесі Косово республикасын осы ұйымға қабылдау жөніндегі қарарды мақұлдаған. Бірнеше күннен кейін Косовоның мемлекеттік делегациясы Вашингтонға барып, Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік Банкпен келісімге қол қояды деді Тачи.

Өткен айда Халықаралық валюта қоры Косовоға осы ұйымның 186-шы мүшесі болуды ұсынған еді. Косово Сербиядан 2008 жылы бөлініп шықты.
XS
SM
MD
LG