Accessibility links

Өткен айда ұлттық қор активтері 3%-ға көбейген


Қазақстан ұлттық қорының активтері 2009 жылдың мамыр айында 3%-ға көбейіп, айдың қорытындысы бойынша 23,1 миллиард долларды құраған.

Алайда ұлттық қор активтері осы жылдың басынан бері 15%-ға төмендеген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қор активтері 27,4 миллиард доллардан асқан.

ҚР Экономика министрлігінің болжамы бойынша, 2009 жылы Қазақстан ұлттық қорына 1, 192 триллион теңге көлемінде түсім болады деп күтілуде. Оның ішінде мұнай секторынан 1,190 триллион теңге, мемлекет меншігіндегі жерді жеке меншікке сатудан 2,3 миллиард теңге түседі деп болжанған. Ал ағымдағы жылы ұлттық қордың 844,9 миллиард теңге көлеміндегі қаржысын пайдалану жоспарланған.
XS
SM
MD
LG