Accessibility links

Қытайда адам саудасымен айналысқандар ұсталды


Соңғы екі айда Қытайдағы адам саудасымен айналысушылардың қолынан 700-ге жуық әйел мен бала құтқарылды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Құқық қоргау органдары босатып алғандардың 214 –і әйелдер, ал қалған 447 –сі көбі 5 жасқа да толмаған сәбилер. Сәуір айында басталған адам саудасымен күрес операциясы барысында адам ұрлаумен және сатумен айналысушы ондаған топ ұсталды.

Босатылған баланың сегізі отбасына қайтарылған, қалғандарының ата-анасын анықтау үшін ДНҚ сынамасы алынуда, бұл мақсатта 236 генетикалық зертхана жұмыс істеп жатыр.

«Чайна дейли» басылымының мәліметінше, Қытайда адам саудасы етек алып барады. Адам саудасымен айналысушылар ұрланған бала үшін 7,5 мың доллар сұрайтын көрінеді.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG