Accessibility links

ҰБТ-дан жоғары балл алуға көмек ұсынып жүргендер қолға түсті


Алматыда арнаулы қызмет өкілдері Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алуға көмек ұсынып жүрген бір топ адамды қолға түсірді, — деп хабарлайды Алматы қалалық ҰҚК департаментінің баспасөз қызметі.

ҰҚКД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҰҚК департаментінің қызметкерлері тестілеу барысында жоғары балл алуға көмектерін 3000-3500 доллар көлемінде бағалап жүрген алаяқтар тобын ұстады. Қолға түскендерге қатысты ҚР ҚК-нің 177-ші бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG