Accessibility links

Обама Меркельмен кездесуде


АҚШ президенті Барак Обаманың Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі бүгін Дрезден қаласында өтуде. Кездесу барысында қаржылық дағдарыс, Таяу Шығыс мәселелері, сондай-ақ Иран және Ресеймен қарым-қатынастар жайы талқыланады деп жоспарланған еді. Обама сондай-ақ Гуантанамо түрмесінен кейбір тұтқындарды Германияның өздеріне алуына Меркельді көндірмекші. Обама сонымен бірге Бухенвальд лагерінде болып, Холокауст құрбандарын еске алмақшы. Ол АҚШ әскерилері ауруханасына барып, Ауғанстан мен Ирақта жараланған АҚШ жауынгерлерімен кездеседі.
XS
SM
MD
LG