Accessibility links

Атлант мұхитында іздеу жұмыстары жалғасуда


Атлант мұхитында кемелер мен ұшақтар дүйсенбі күні апатқа ұшыраған ұшаққа байланысты іздеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Оның алдында Бразилия жағалауында алғашқы 2 мәйіт пен ұшақтың қалдықтары табылған болатын. Францияның сүңгуір қайықтары ұшақтың қара жәшіктерін табуға көмектесіп жатыр.

Маусымның 1-де мұхитқа құлаған Эйр Франс компаниясының ұшағында 228 адам болған. Олардың бәрі қаза тапқан болуы мүмкін. Франция тергеушілерінің айтуынша, Рио-де-Жанейродан Парижге аттанған ұшақтың бірнеше жүйесінде ақаулық болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG