Accessibility links

Пәкістандағы шабуылдан 2 адам қаза тапты


Пәкістан астанасы Исламабадта бір жанкешті кісі полиция бекетінде өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 2 полиция қызметкерін өлтірді. Сенбі күнгі бұл шабуылдан сондай-ақ бірнеше адам жараланды. Жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады бірақ Талибан елдің ірі қалаларында шабуылдарын бастайтынын хабарлаған болатын.

Пәкістан күштері елдің солтүстік-батысындағы Суат жазығы мен басқа да аймақтарында Талибан бүлікшілеріне қарсы кең ауқымды әскери операциясын жүргізуде.
XS
SM
MD
LG