Accessibility links

«Абырой» жастар қозғалысы ҚР Білім және ғылым министрінің қызметінен кетуін талап етпекші


Бүгін Алматыдағы«Атакент» көрме орталығында баспасөз мәслихатын өткізетін «Абырой» жастар қозғалысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыра алмағандығын, ал министр Ж.Түймебаевтың лауазымды қызмет орнына сәйкес емес екендігіне байланысты қызметінен кетуі қажет екенін мәлімдейді, — деп хабарлады Азатыққа «Абырой» жастар қозғалысы төрағасының кеңесшісі Махамбет Әбжан.

Қозғалыс жетекшілерінің айтуынша, олардың бұл әрекеттеріне осы жылдың басында жоғарғы оқу орындарының студенттеріне ұзақ мерзімді несиелер мен қосымша мемлекеттік білім гранттарын бөлу жөнінде Үкіметке берілген ҚР президенті тапсырмасының лайықты орындалмауы себеп болуда.

«Осы жоба жасалып, құжаттарды қабылдау жұмыстары басталғалы 3 айдан астам уақыт өтіп, оқу жылының соңы болды. Бүгінгі күнге дейін республикадағы 116 жоғарғы оқу орнының 62-де оқитын студенттерден келіп түскен 1 420 өтініштің 400-ге жуығы ғана қанағаттандырылды. Осылайша, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 15 млрд теңге қаражат бөлінгеніне қарамастан, оның 27 млн-ы ғана, яғни 0,18% игерілген! Бұл өте аз көрсеткіш және президент тапсырмасының орындалмауын білдіреді. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: аталмыш органдар президентке дәлелденбеген, бірақ нақты сандық көрсеткіштерді ұсынғанда не ойлады екен? Несиелендірудің мұндай жылдамдығы мен оны алуға қойылған шарттар бұл бағдарламаның сәттілігіне күмән келтіріп, дағдарыс кезіндегі студенттерге көмектесу идеясына сенімсіздік туғызады», — делінген «Абырой» жастар қозғалысы таратқан баспасөз хабарламасында.
XS
SM
MD
LG