Accessibility links

Тұрғын үй-коммуналдық саласы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі


ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, — деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Ұсынылып отырған өзгерістер тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу туралы ҚР үкіметінің құзіретін нақтылауға, кондоминимум нысандарын басқарудың түрлерін жетілдіруге, уәкілеті құзіретті органды белгілеуге, кондоминимум қатысушыларына ортақ мүлікті жергілікті атқарушы органдардың тексеру жүргізу арқылы жүзеге асыратын, басқару органдарына және тұрғын үй заңнамасын сақтамағаны үшін кондоминимум қатысушыларына әкімшілік жауапкершілік бекітуге бағытталған.

Заң жобасының қабылдануы ұзақ мерзімді және орнықты тұрғын үй қатынастары жүйесін жасауға, тұрғын-үй қоры жағдайын жақсарту, тұрғын үй қорын тиімді басқару және оның жағдайын бақылау үшін ахуал жасауға мүмкіндік береді.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
XS
SM
MD
LG