Accessibility links

Юлия Тимошенко: Президент сайлауында жеңіп шығамын


Украинаның премьер-министрі Юлия Тимошенко 2010 жылғы президент сайлауына түсетінін жария етті.

«Саясатта өзіңнің әйел екеніңді ұмыту керек дейді ғой, мұнда бәрі тең дәрежеде. Тіпті кейбір ер адамдарға жетіспейтін батылдық пен жауапкершілік, ар мен ұят сияқты қасиеттер менде жетерлік. Дәл қазір мен сайлауға түсетінімді жариялаймын және жеңіп шығамын. Украинаның саясаты бір күні таза да әділ боларын нақты білемін», — деп мәлімдеді Юлия Тимошенко.

Премьер-министр Юлия Тимошенко бұл мәлімдемені Виктор Януковичтің өз блогымен коалиция құрудан бас тартқаннан кейін жариялады.
XS
SM
MD
LG