Accessibility links

«Астана» велотобы спортшыларының жалақысына 9 миллион доллар бөлінбек


ҚР туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтің хабарлауынша, «Астана» халықаралық велотобының спортшыларын қаржыландыруға 9 миллион доллар бөлінбек.

«Әлемдік және біздің қазақстандық жетекші велосипедшілердің жалақысын төлеу үшін бөлінетін бұл қаржы әр жерден алынуы мүмкін, бұл инвестициялық та, демеушілік те қаржы болуы мүмкін, тіпті мемлекет бюджетінен бөлінетін де шығар. Бұл көп ақша емес, мемлекет басшысы үкіметке тапсырма берді, бұл мәселе осымен шешілді», — деді ҚР туризм және спорт министрі.

«Астана» халықаралық велотобының жылдық бюджеті шамамен 12 миллион евродай ақшаны құрайды. Команданың бас демеушісі болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры дағдарысқа байланысты шығындарын қысқартқан. «Астана» велотобының спортшылары екі ай көлемінде жалақы алмаған.
XS
SM
MD
LG