Accessibility links

Барак Обаманы өлтірмек болған азаматты түрмеге жабуға үкім шығарылды


АҚШ –тағы президент сайлауы кезінде кандидат Барак Обаманы өлтірмек болып, қауіп төндіргені үшін 48 жастағы азаматты бір жыл, бір күнге түрмеге жабуға үкім шығарылды.

Сондай-ақ Солтүстік Каролиналық Джерри Майкл Блэнчердке үш мың доллар көлемінде айыппұл салынды, ол жазасын өтеп шыққаннан кейін де үш жыл полицияның бақылауында болады, — деп хабарлайды Associated Press.

Сотталушы 2008 жылы 1 тамыз күні тұтқындалған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Барак Обаманы өлтіру жоспары жөнінде екі рет жариялаған. Куәгерлердің бірі оның тапанша сатып алғысы келіп жүргенін айтқан. Бірақ тергеу оның өз әрекетін жүзеге асыруға талпынғанын дәлелдей алған жоқ.
XS
SM
MD
LG