Accessibility links

14 мыңнан астам шәкірт жоғары оқу орнына түсуге қажетті балл жинай алмады


Мектеп бітірушілерге арналған ұлттық бірыңғай тестілеудің 4 күндік қорытындысы бойынша 14 мың 582 абитуриент межелі 45 баллды жинай алмай, оқуға түсу мүмкіндігінен айырылды, — деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы 4 күн ішінде, яғни 4-8 маусым аралығында 99,566 талапкер ҰБТ тапсырған. 10 маусымда аяқталуға тиіс тестілеу процесіне қатысуға биыл бітіруші 132 мың 461 түлектің 108,6 мыңы (82%) тілек білдірген.

Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп бітірушілер мен ата-аналардың өтініштерін ескере отырып, ҰБТ-ға бірқатар жаңалықтар енгізді. Атап айтқанда, емтихан уақыты жарты сағатқа ұзартылып, түлектер ҰБТ-ны бұрынғыдай 5 күн емес, 7 күн тапсыратын болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың мәліметінше, биылғы 132 мың 461 түлектің 108,6 мыңы (82%) ҰБТ тапсыруға тілек білдірген.
XS
SM
MD
LG