Accessibility links

Шекарада қырғыз азаматы есірткімен қолға түсті


Қазақ - қырғыз шекарасында ұсталған Қырғызстан азаматынан бір килограмнан астам героин тәркіленді, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусымда «Қордай» заставасының шекарашылар жасағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Қазақстанға жаяу бет алған және шекарадан өткізу бекетін айналып өткен Қырғызстан азаматын ұстаған, тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 килограмм 250 грамм героин табылып, тәркіленген. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG