Солтүстік Кореяда еңбек лагеріне жабылған американдық екі журналистің туыстары Пхеньян билігінен рахымшылық сұрап, екі тілшіні босатуды сұрады.
Журналист Лора Линг пен Юна Лидің отбасыларының бірлесіп таратқан мәлімдемелерінде, дүйсенбі күнгі 12 жылға еңбек лагеріне жабу жөніндегі Солтүстік Корея сотының шешімі өздерін қатты құлазытқанын айтқан.
Және өтініш білдірушілер екі журналист әйел жасады делінген қандайда бір дұрыс емес қылықтар үшін кешірім сұраған.
Осының алдында АҚШ үкіметі Солтүстік Корея сотының шешімі негізсіз деп, Пхеньян билігін оларды босатуға шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ол тілшілердің соты құпия жағдайда өткеніне тоқталды.