Accessibility links

Астана полициясы бір әйелді 650 мың теңге жалған ақшамен ұстағанын хабарлады


Астанада жыл басынан бері жалған ақшаның ірі партиясы ұсталды, ақша ТМД елдерінің бірінде жасалған, — деп хабарлады Астана ІІД аса қауіпті қылмыспен күрес бөлімінің бастығы Дмитрий Демидов.

«5 маусым күні ІІД аса қауіпті қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері жалған ақшаны жұмсап жүрген әйелді қолға түсірді, тексеру кезінде одан Қазақстан Ұлттық банкінің 500 теңгелік 82 дана ақшасы мен 2 мың теңгелік 117 дана, 5 мың теңгелік 75 дана, барлығы 650 мың теңге ақша табылды», — деді ол.
XS
SM
MD
LG