Accessibility links

Қытай президенті алдағы аптада Ресейге барады


Бүгін Қытай сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, президент Ху Дзиньтао алдағы аптада Ресейге сапармен барады. Ол Екатеринбурге өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қауіпсіздік саммитіне қатысады.

2001 жылы құрылған ШЫҰ-на Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше болып табылады.
Қытай президенті Ресейде болған кезінде Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай елінен құралған бейресми экономикалық топтың алғашқы саммитіне қатысатын болады. Және Ху Дзиньтао маусымның 14-і мен 18-і аралығындағы сапары кезінде Ресей жетекшілерімен кездесетін болады. Одан кейін Қытай президенті Словакия мен Хорватияға да бармақшы.
XS
SM
MD
LG