Accessibility links

АҚШ ирақтық шиит жауынгерін босатты


Британия мен Ирақ ресмилерінің айтуынша, АҚШ әскерилері бірнеше американдық әскерді өлтірді деп күдіктелген шиит жауынгерін босатты. Британия сыртқы істер министрлігінің бүгін хабарлауынша, Ирақ үкіметі мен жауынгерлік топтар арасындағы қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған ұлттық бітімгершілік келісімдерінен кейін жексенбі күні шиит жасағының өкілі Лэйс әл-Хазали бостандыққа шықты.
Әл-Хазали Асаиб әл-Хақ тобының мүшесі болып табылады. Оның бауыры Қаис та 2007 жылы 20-шы қаңтарда Кербаладағы жергілікті үкімет үйіне шабуыл жасады деп айыпталған, ол қақтығыста 5 американдық әскер қаза тапқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG