Accessibility links

Пан Ги Мун: Ирақта бүлікшілер қаупі әлі бар


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Ирақтағы қауіпсіздік өткен жылдан бері айтарлықтай жақсарды, бірақ жікшілдік қақтығыстарға түрткі болатын жауынгерлік топтардың қаупі әлі күрделі күйінде қалып отыр деді.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа баяндамасында Пан Ги Мун АҚШ бастаған көп ұлтты жасақ алдағы жылдың соңында Ирақтан шығуға дайындалып жатқанда, Ирақ үкіметінің ресмилері елдің қауіпсіздік күштері бақылауды өз қолдарына алуға дайын екенін байқатты деді. Десе де БҰҰ-ның Бас хатшысы Ирақтағы қарулы топтар, әл Қаида және басқа да экстремистер тағы да шабуылдар жасайтын мүмкіндігін байқатып отырғанын айтты. Бас хатшы Ирақтағы бітімге келу процесі әлі де өзекті дей келе, ирақтықтарды қауіп-қатерден қорықпай саяси, экономикалық және әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуде ұлттық бірлік рухымен бірлесуге шақырды.
XS
SM
MD
LG