Accessibility links

Теһранда президенттіктен үміткерлерді қолдаған шеру өтті


Дүйсенбі күні Теһранда президенттіктен үміткерлер Махмуд Ахмединежад пен Мир Хоссейн Мусавиді қолдаушы онмыңдаған адам шеру өткізді.
12-ші маусымда өтетін президенттік сайлауға екінші мерзімге сайлануды көздеген қазіргі президент Махмуд Ахмединежад пен бұрынғы премьер-министр, реформашыл Мир Хоссейн Мусави түсейін деп отыр.
Ахмединежадты қолдаушылар Теһрандағы ең үлкен мінәжат орындарына жиналса, Мусави қаланың ең тығыз көшесінде қол ұстасып, тізбектеліп жүрген.
Ахмединежад бұл шерушілер алдында сөз сөйлейді деп күтілген еді, кейін халық тым көп жиналған соң, ол ойынан қайтқан.
XS
SM
MD
LG