Accessibility links

Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын азайтты


ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы 9%-дан 8,5% -ға азаяды, — деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«Қаржы нарығындағы үрдістерді және инфляцияның жылдық деңгейінің төмендеуін ескере отырып, ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 2009 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 8,5% деңгейінде белгілеуге қаулы қабылдады», — делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

2009 жылдың мамыр айының басында қайта қаржыландыру ставкасы 9,5% -дан 9,0% -ға азайған.
XS
SM
MD
LG