Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда салық қызметкерлері мен полицей парамен ұсталды


Оңтүстік Қазақстанда салық қызметкерлері мен полицей парамен ұсталды, — деп хабарлайды облыстық Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі.

«Шымкенттегі салық басқармасы аудит бөлімінің екі бас маманына қатысты қылмыстық іс зерттелуде. Маусым айының басында олар жеке кәсіпкерден 150 000 теңге пара алғандары үшін ұсталған. Олар сот үкімімен қамалып, ҚР ҚК-нің 311 бабы бойынша айыпталды, қазір бақылауға алынған», — деді қаржы полициясының баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова.

Сондай-ақ Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы да 48 000 теңге парамен қолға түскен. Ол бұл ақшаны ұялы телефон ұрлаған ұрының қылмысын арыз кітабына тіркемеу үшін алған.
XS
SM
MD
LG