Accessibility links

«АРТ» телекомпаниясының жұмысын тоқтатуға үкім шығарылды


Қарағанды облысы бойынша арнайы ауданаралық экономикалық сотта «АРТ» телекомпаниясының хабар тарату жұмысын тоқтатуға қатысты үкім жария етілді.

Прокурор аталған телекомпанияны ұлт араздығын тудырды деп, конституциялық шектеуге сүйене отырып, хабар таратуға тиым салу туралы талап-арызды ұсынды. Сөйтіп телекомпанияның тіркеуге қою туралы куәлігі жойылып, жұмысы тоқтатылуы тиіс болды.

Ал телеканал басшылары болған жағдайды техникалық ақаулықпен түсіндіреді. Экранға шыққан хабарлама қазақ тілінде болған, ал хабарламаны сүзгіден өткізетін техникалық қызметкер қазақ тілін білмейтін болған. Одан әкімшілік айыппұл өндіріледі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қарағанды облыстық прокуратурасы «АРТ» телекомпаниясының үстінен сотқа шағым түсірген. Бұған SMS-чат арқылы теледидар экранына шығарылған экстремистік –ұлттық мазмұндағы мәтін себеп болған.
XS
SM
MD
LG