Accessibility links

Алматыда жеке куәліксіз жүрген 120 шетел азаматы ұсталды


Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген 120 шетел азаматы қолға түсті. Олардың қызметі «құқық тәртібі» деп аталатын жедел іздестіру шарасы барысында анықталды. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтарында, құрылыс нысандарында жұмыс істеп келген, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жыл басынан бері Алматыда көші-қон заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 12 мыңнан астам адам тартылды. Олардың дені Түркия, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Оңтүстік Корея, Пәкістан елдерінен келген. Жедел іздестіру барысында бұл азаматтардың Қазақстанда жұмыс істеуге ешқандай рұқсат қағаздарының жоғы және жеке куәліксіз жүргендері анықталған.
XS
SM
MD
LG