Accessibility links

Қазақстанда тұңғыш рет IT- университет ашылмақ


Алматыда Қазақстанда тұңғыш рет IT- университет ашылмақ. Халықаралық деңгейдегі бұл оқу орны мемлекет басшысының тапсырмасымен және американдық Карнеги Мелон университеті мамандарының қатысуымен құрылады.

Жаңа университетте бір уақытта 7,5 мың студент білім ала алады. Бұл ақпаратты бүгін аталған жобаның қатысушылары — ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жария етті.

Университет ақпараттық жүйе, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика және IT-менеджменті саласының мамандарын даярлап шығарады. Оқу курсы орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу орнын бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом мен Carnegie Mellon университетінің сертификаты беріледі.

Абитуриенттерге қатаң талап қойылады, оқуға қабылдану үшін 75 баллдан кем жинамау керек. Бұған қоса талапкерлер әңгімелесу мен компьютерлік тестілеуден өтіп, ағылшын тілінен емтихан тапсырады. Биылғы жылы оқу орнына 300 білім гранты бөлінді. «Алтын белгi» иегерлері мен математика, информатика мен физика олимпиадаларының жеңімпаздары конкурссыз қабылданады.
XS
SM
MD
LG