Accessibility links

Қазақстанның Даму банкі «Время» газетін сотқа беруде


Қазақстанның Даму банкі Алматының Жетісу аудандық сотына іскерлік беделін қорғау мақсатында «Время» газетіне қатысты шағым түсірді, — деп хабарлайды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры.

Моральдық шығынды өтеу ретінде банк қызметкерлері басылымға 1 млрд. теңге төлеп, мақалаға терістеу берсін деген талап қоюда.

Банктің шағымдануына газет бетінде 2009 жылдың 9 сәуірі күні жарық көрген Марат Әсіповтің «Картонный прорыв» атты мақаласы себеп болып отыр. Ол мақалада Қазақстан Даму банкі бөлген ақшалардың қалай жұмсалатыны туралы айтылған.

Кеше Жетісу аудандық сотында осы мәселеге қатысты алдын ала әңгімелесу болды.
XS
SM
MD
LG