Accessibility links

НАТО министрлері Ауғанстан мәселесін талқылауда


НАТО қорғаныс министрлері бүгін Брюсселдегі екікүндік жиынын аяқтайды. Олар Ауғанстан мәселесіне қатысты келіссөздер өткізуде. Бейсенбі күні АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс НАТО одақтастары алдағы 18 айда Ауғанстанда алға басушылықтар болуы тиіс деп келісті деді.

Сонымен қатар, НАТО министрлері Косоводағы бітімгершілік күштерінің санын азайтуға келісті. Аймақтағы жағдай тұрақталып жатқанына байланысты сарбаздардың саны 14 мыңнан 10 мыңға қысқартылмақ.
XS
SM
MD
LG