Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ұмтылысы жөніндегі келіссөздерін тоқтатып отыр. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Қостанайда өткен шетел инвесторларының кеңесінде мәлімдеді. Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан аталған халықаралық ұйымға Ресей және Беларусь елдерімен бірге бірыңғай кедендік одақ болып кіруді көздейтін болады. Бұл ұсынысты осы аптада Ресей премьер-министрі Владимир Путин жасаған болатын.