Accessibility links

ДСҰ басшысы Ресей жоспарына аң-таң болып отыр


Дүниежүзілік сауда ұйымының жетекшісі Паскаль Лами Ресейдің бұл ұйымға Қазақстан және Беларус елдерімен аймақтық блок ретінде мүше болу жоспарына аң-таң болып отыр. Сейсенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин аталған үш мемлекет Дүниежүзілік сауда ұйымына бірыңғай кеден блогы ретінде мүше болуға әрекет етіп көреді деп мәлімдеді. Ламидің айтуынша, бұл халықаралық ұйымға Ресей өзінің жоспары жөнінде ресми түрде алдын-ала хабарламаған.
XS
SM
MD
LG