Accessibility links

Ахмадинежад 65 пайыз дауысқа ие болды


Ирандағы сайлау комиссиясы ресмилерінің айтуынша, президент Махмуд Ахмадинежад жұма күнгі президенттік сайлау қортындысында екінші кезекке сайлануға мүмкіндік алғандай. Реформашыл үміткер Мир Хусейн Мусави, дауыстардың негізгі бөлігі саналған тұста 32 пайыз дауысқа қол жеткізген екен. Ахмадинежадтың жақтастары қазірдің өзінде көшелерде жеңістерін тойлауды бастап кетті. Мусави болса, сайлауда заңсыздықтар орын алды деп, өзінің жеңіске таласы бар екенін мәлімдеді. Дауыс берушілердің сайлауға қатысу белсенділігі 80 пайызға жеткен екен. Бұл-Иран тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG