Accessibility links

Мусави Иран сайлауы қортындысын мойындамауда


Иран президенттігіне қатысушы үміткер, реформашыл Мир Хусейн Мусави, бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында, бұл тектес өрескел заң бұзушылықтарға табанды түрде қарсы тұрамын, деді. Біз мұндай қауіпті ойын алдында тізе бүге қоймаймыз, дей келіп, Мусави сондай-ақ сайлаудағы аталған заңсыздықтар елде тирандық биліктің орнауына алып келеді деп ескертті.

Ирандағы сайлау комиссиясы ресмилерінің айтуынша, президент Махмуд Ахмадинежад жұма күнгі президенттік сайлау қортындысында 65 пайыз дауысқа ие болу арқылы, екінші кезекке сайлануға мүмкіндік алғандай. Реформашыл үміткер Мир Хусейн Мусави, дауыстардың негізгі бөлігі саналған тұста 32 пайыз дауысқа қол жеткізген екен. Ахмадинежадтың жақтастары қазірдің өзінде көшелерде жеңістерін тойлауды бастап кетті. Дауыс берушілердің сайлауға қатысу белсенділігі 80 пайызға жеткен екен. Бұл-Иран тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG