Accessibility links

Пәкістан ұшақтары Талибан мекендерін атқылауда


Пәкістан ұшақтары Талибан мекендерін атқылауда. Талибан басшысы Байтулла Мехсудтың Вазиристандағы бекінісіне сенбі күні шабуыл жасалды. Ол шабуыл, содан бір күн бұрын талибанға қарсы діни тұлғаның Талибан қолынан өлтірілуіне орай кек қайтару тұрғысында жүзеге асырылған еді.

Мехсудтың бекінісіне шабуыл жасалардан бірнеше сағат бұрын, Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари, теледидар арқылы сөйлеген сөзінде, Талибанның көзін жоюға уәде беріп, талибандықтардың елді басып алмақ ниеті бар екенін айтқан болатын. Себебі ел әскерінің Суат жазығында талибандықтарға қарсы жасаған шабуылдарына жауап ретінде, Талибан жауынгерлері өткен аптада бомбалық шабуылдарды жиілетіп жіберген еді.
XS
SM
MD
LG