Accessibility links

Алматыда снарядқа ұқсас оқ-дәрілер табылды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыдағы Спасский көшесінде «Kraizer» ЖШС-нің жанынан снарядқа ұқсас оқ-дәрілер табылған.

«Арнайы жүргізілген шараның нәтижесінде олардың БМП-2 калибрлі 30 миллиметрлік – 3 дана снаряд және 1 дана ЗУ-2 атты 23 миллиметрлік снаряд, сондай-ақ 12,5 миллиметрлік пулемет снаряды, 3 қалта аммонит, Макаров тапаншасының оғы екені анықталды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері табылған заттардың көзін жою үшін алып кетті.
XS
SM
MD
LG