Accessibility links

Белоруссия қатыспаған ҰҚШҰ саммитінде ұжымдық күштердің құрылатыны белгілі болды


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ОДКБ) жедел әрекет ететін ұжымдық күштерін (КСОР) құру процесі жүзеге асырылуда, — деп мәлім етті ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Астанада жедел әрекет ету ұжымдық күштерін құру туралы келісілген, жасалған барлық жобаларды Қазақстан қолдайды, біз мұны өте қажетті іс деп ойлаймыз», — деді Қазақстанның мемлекет басшысы.

Мәскеуде өткен ҰҚШҰ саммитіне Белоруссия қатысқан жоқ. Белоруссия аталған жиынға келмеуін ұйымға қатысушы елдің бірінің тарапынан жасалған «экономикалық дискриминация» деп түсіндірді. Минскінің мұндай қадамға баруына Ресейдің Белоруссиядан тасымалданатын сүт өнімдеріне шектеу қойғаны себеп болды.
XS
SM
MD
LG