ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары шенді тағы бір басшысы тұтқындалды, аталған ведомствоның құрылыс және әскери қызметкерлерді қоныстандыру жөніндегі бас басқармасының бастығы Әнуарбек Оразалинов өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттің мүлкін жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Аталған басқармаға тексеру жүргізген Бас прокуратура полковник Оразалиновке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Егер осы бап бойынша айыбы дәлелденсе, Әнуарбек Оразалинов 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, дүние мүлкі тәркіленеді.